Сочи – Бұхара – Сочи бағыты бойынша чартерлік рейстер Sukhoi Superjet 95 ұшағымен аптасына бір рет – жексенбі күндері жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Азимут» әуекомпаниясы Минеральные водыдан Ташкент, Самарқант, Қаршы, Науаи, Үргеніш, Бұхара халықаралық әуежайларына, Ферғана мен Наманганға чартерлік рейстерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Ресейлік әуе компаниясы Ташкент пен Самарқантты Мәскеуге тұрақты рейстермен байланыстырады, деп хабарлайды Uzbekistan Airports.
Азимут — Ростов-на-Дону мен Краснодарда орналасқан Ресей әуе компаниясы.