Жарыста 50 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған Азиза Яқубова ширек финалда италиялық Жиордана Соррентиноны жеңіп, жартылай финалға шықты.
Айта кету керек, Азизаның бұл жеңісі өзбек боксының тарихында жаңа бет ашты. Өзбекстан өкілі әйелдер (ересектер) арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына әлі шықпаған еді. Бұл дегені — Азиза Яқубова өзі үшін әлем чемпионатының медалін жеңіп алғанын білдіреді.
Бірақ бұл жерде тоқтау жоқ. Біз боксшымыздан тек алтын медаль күтеміз!