БАӘ компаниялары Өзбекстанда энергияны сақтау жүйелерін құрады

    Абу-Даби қаласындағы “ADIPEC-2025” халықаралық форумы аясында “Masdar” және “AMEA Power” компаниялары Өзбекстанда жалпы қуаты 500 МВт энергияны сақтау жүйелерін салу туралы келісімдерге қол қойды.

    Үстімідегі жылдың 2-6 ноябрь күндері аралығында БАӘ-нің Абу-Даби қаласында “ENACT Majlis” және “ADIPEC-2025” жасанды интеллект, сондай-ақ энергетикаға арналған халықаралық форумдары өтуде. Оған Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов басшылығындағы делегация қатысты.

    Форум аясында «Masdar» компаниясымен Науаи облысында қуаты 300 МВт/600 МВт/сағат, “AMEA Power” компаниясымен қуаты 200 МВт/800 МВт сағат энергияны сақтау жүйелерін құру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    Шараларда энергетика саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу, электр энергиясын өндіру және тасымалдау үдерістерін, деректер орталықтарын (Data Center) цифрландыру және «жасыл» энергетиканы дамыту мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, БАӘ Өнеркәсіп және озық технологиялар министрі Султан Ахмед Ал-Жобир, Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл Ал-Мазруи, “Masdar”, “AMEA Power”, “Siemens Energy, Honeywell”, “BP” және тағы басқа да халықаралық компаниялардың басшылары қатысқан кездесулерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды.

    Дәл қазіргі уақытта «Masdar» компаниясымен серіктестікте Өзбекстанда жалпы қуаты 1247 МВт болатын бес күн электр станциясы, 500 МВт жел электр станциясы және 63 МВт энергия сақтау жүйесі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Қашқадария облысында 300 МВт күн фотоэлектр станциясы салынуда.