Туризм қауымдастық өкілдері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер және т.б. Өзбекстанға саяхат бойынша жаңа өнімдер және пайдалы ұсыныстарымен танысты. Шара барысында «Uzbekistan Airways» ұлттық авиакомпаниясының өкілдері ұшу бағдарламасымен, сондай-ақ тек іскерлік байланыстарды ғана емес, Өзбекстанға саяхатшылардың ағынын айтарлықтай дәрежеде арттыратын топтық брондау мүмкіндіктері және пайданы ұсыныстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың ноябрь айында Туризм комитеті, Asilukhe Travel туроператоры және «Uzbekistan Airways» ұлттық авиакомпаниясы тарапынан ұйымдастырылған алғашқы шараның нәтижесінде, Дубайдан Өзбекстанға саяхатшыларды тартуда айтарлықтай қол жеткізілді. Мерекелік және көктемгі маусымда 25-тен астам топтық саяхаттар ұйымдастырылды, бұл өзбек мәдениеті мен тарихына қызығушылықтың артқанының дәлелі.