“Бадай тоғай” биосфера резерваты ЮНЕСКО-ның әлем желісіне кірді

    ЮНЕСКО тарапынан “Бадай тоғай” атымен белгілі төменгі Әмудария биосфера резерватын ЮНЕСКО-ның әлем желісіне енгізу туралы қаулы қабылданды.

    Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, ЮНЕСКО істері бойынша Өзбекстан Республикасы ұлттық комиссиясының төрағасы Азиз Абдухакимов айтты.

    Қазір мемлекетімізде ЮНЕСКО-ның екі табиғи нысаны — Шатқал және Әмудария қорлары бар. Мәліметтерге қарағанда, төменгі Әмудария биосфера резерваты өзінің бай фауна және флора әлемімен Өзбекстан табиғатында маңызыды ерекшелікке ие.