Баланы сыныптан сыныпқа ауыстырудан қашан бас тартылады?

    Ата-аналар перзенттерін өз қалауы бойынша балаларын оқу жылы ішінде немесе аяқталғаннан кейін бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстыру құқығына ие.

    Бұл жағдайда ата-аналар баласын сыныптан сыныпқа ауыстыру себептерін көрсете отырып, мектеп директорына өтініш береді.

    Директор өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарап, оқушыны сыныптан сыныпқа өткізу туралы бұйрық шығарады. Сыныптағы оқушылар саны нормадан (35 жуық) асқан кезде директор оқушыны сыныптан сыныпқа ауыстырудан бас тарта алады.

    Бас тарту туралы директор үш күн ішінде ата-аналарға жазбаша хабарлауға міндетті. Оқушыны сыныптан сыныпқа ауыстыру туралы директордың бұйрығын алғаннан кейін 3 күн ішінде сынып журналы мен оқушылардың қозғалыс кітапшасына тиісті жазбаша енгізіледі, деп хабарлайды Құқықтық ақпарат Telegram-арнасы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates