Америкалық Pew Research Center зерттеу орталығының талдауына орай, автокөлігі бар үй шаруашылықтарының үлесі бойынша Италия көш бастап тұр. Бұл елде аталған көрсеткіш 89 пайызға жетеді. Одан сәл ғана кейін АҚШ орналасқан — 88 пайыз.

Еуропалық Одақтың сауалнамаға қатысқан жеті мемлекетінде автокөлікке иелік етудің орташа көрсеткіші 79 пайызды құрайды. Азияның дамыған экономикалары да жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяда халықтың 83 пайызы, ал Жапонияда 81 пайызы автокөлікке ие.

Автокөлік иелерінің үлесі ең жоғары мемлекеттер:

1. Италия — 89%. Рейтингтің көшін бастап тұрған бұл елдегі автомобильдену деңгейінің жоғарылығы Италияның автомобиль жасау саласындағы ұзақ жылғы дәстүрін және жеке көліктің күнделікті өмірдегі маңызды рөлін көрсетеді.

2. АҚШ — 88%. Елдегі үлкен қашықтықтар мен автомобиль қозғалысына бейімделген инфрақұрылым жеке көліктердің кеңінен таралуына ықпал етеді.

3. Германия — 85%. Автомобиль өнеркәсібі жақсы дамыған бұл елде жол желісі кең әрі жеке автокөлікпен саяхаттау өте танымал.

4. Франция — 83%. Жоғары көрсеткіш елдегі кең жол желісімен және күнделікті өмірде автомобильдің маңызды орын алуымен түсіндіріледі.

5. Оңтүстік Корея — 83%. Жеке автокөліктердің кеңінен таралуы елдің қарқынды экономикалық дамуын және халықтың қозғалысқа деген жоғары сұранысын көрсетеді.

6. Малайзия — 82%. Қоғамдық көлік жүйесі болғанына қарамастан, жеке автомобильдер халық арасында ең танымал көлік құралдарының бірі болып қала береді.

7. Жапония — 81%. Автомобильденудің жоғары деңгейі елде жақсы дамыған автомобиль өнеркәсібінің арқасында сақталып отыр.

Ең үздік ондықтың қатарын Ливан (Жапониямен бірдей көрсеткішке  ие), Испания 79 пайызбен және 76 пайызбен Греция түйіндейді, деп хабарлады naked science басылымы хабарлады.