Банк жүйесінде жаңа бәсекелестер тізбегі пайда болуда

    Бизнес 19 Noyabr 2023 1112

    Халық арасындағы несие алды-бердісі мыңдаған жылдан бері қалыптасқан қаржылық қатынастардың бірі болса да, бұл қатынастарды жетілдіру жүйелі түрде, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.

    Әрине, бұл үдерістерді заңды түрде ресімдеу қарыздық қатынастарда пайда болатын қауіп-қатерлердің алдын алады.

    Бүгінгі таңда, республикамызда несиелік қатынастар тек банктер арқылы ғана емес, сонымен қатар микроқаржы ұйымдары мен ломбардтар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде, қаржы базары қатысушылары арасында салауатты ортаны нығайтады.

    Барлығымыз дерлік біреуден қандай да бір түрде ақшаны қарызға алғанбыз немесе бергенбіз. Жеке тұлғалар арасындағы қарыздық қатынастардың өз проблемалары бар, мысалы, қарыз алушы несиені қайтарудан бас тартуы мүмкін.

    Мұндай жағдайларда қаражат тапшылығын шешудің ең дұрыс жолы микроқаржы ұйымдарына жүгіну болып табылады.

    Микроқаржы ұйымдары — мұны басқаша айтқанда, банктің кіші інісі. Тек несиелеу үдерісі біршама халыққа жақын.

    Қазіргі уақытта 84 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді, жалпы активтері 3,9 триллион сумды құрайды (2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 есеге өсті).

    Аумақтар кесімінде Ташкент қаласы (33), Ферғана облысы (18), Бұхара облысы (8), Хорезм облысы (6), Наманган облысында (5), Ташкент облысында (4) және Әндіжан облысында (4) ең көп ұйымдастырлған микроқаржы жұмыс істейді.

    Енді осындай микроқаржы ұйымдарын одан әрі дамытып, халыққа микроқаржы қызметтерінің әмбебаптығын арттыру мақсатында Қаулымен жеке тұлға болған қарыз алушыларға берілетін шағын несие көлемі елу миллион сумнан жүз миллион сумға дейін ұлғайтылды. Мұның нәтижесінде, халықтың белсенді бөлігі микроқаржы қызметтерін пайдалана отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтуға немесе кәсіпкерлік қызметті жоға қою арқылы кәсіпкерлік суъбектілер бола алады.

    Сондай-ақ, 2024-2026 жылдары микроқаржы базарының көлемін 5 есеге арттыру, микроқаржы қызметтерімен 1 миллионнан астам кәсіпкерді қамтуға болады.

    Микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғалардың қатысуы бойынша жарғы қорына енгізілген үлес суммасын екі еседен аспайтын шағын несие мөлшері қарыз қаржыларын тарту арқылы микроқаржы ұйымының ресурс базасы көбейтіріледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates