Банктердің жарғы капиталының мөлшері арттырылады

    Қаржы 7 Aprel 2023 1318

    Сенаттың отыз тоғызыншы жалпы мәжілісінде “Банктер мен банк қызметі туралы” Өзбекстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң қаралды.

    Атап өтілгендей, Заңмен банктердің жарғы капиталының мөлшерін 2023 жылдың 1 сентябрінен 2025 жылдың 1 январына дейін басқышпа-басқыш жүз миллиард сумнан бес жүз миллиард сумға дейін арттыру туралы талаптарын көздейтін өзгерістер енгізілуде.

    Бұл мөлшердің енгізілуі банктерді капиталдандыру деңгейі мен ресурстық базасын арттыруға, салаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша құқықтық жағдайлар жасауға, халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша несие беруге мүмкіндік туғызады.

    Сондай-ақ, Заңға сәйкес резидент болмағандар тарапынан банк акцияларын сатып алуға қойылатын шектеулер ішінара алып тасталды. Халықаралық базарларда бұқаралық орналастырылған акцияларды сатып алу оңтайландырылуда.

    Сенаторлардың айтуынша, аталған Заңға енгізілген өзгертулер банктердің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы экономикадағы құрылымдық өзгерістер үдерістеріне қатысуын кеңейтуге қызмет етеді, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates