Диалог басында осынау әлемге әйгілі компанияның ең соңғы маркадағы маммография, магнитті-резонанс томография, компьютерлік томография сынды медициналық технологияларының мүмкіндіктерін көрсететін тұсаукесер өтті.
Атап өткендей, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін трансформациялауда мұндай инновациялық диагностикалық құралдарға сұраныс үлкен.
Мысалы, сүт безі қатерлі ісігі жер бетіндегі мезгілсіз өлімнің ең кең таралған екінші факторы болып табылады. Бұл ауру әйелдер өлімінің себептері арасында бірінші орынды иелейді.
Сондықтан БҰҰ 2040 жылға қарай, сүт безі қатерлі ісігінен 2,5 миллионға жуық әйелдің өмірін сақтап қалуға қатысты жаһандық мақсатты алға тартқан. Осыған байланысты ауруды ерте және дәл нақтама қою мүмкіндігін беретін маммографиялық технологиялардың маңызы зор.
Диалог соңында «FUJIFILM Healthcare Turkey» компаниясының президентімен еліміздегі барлық аудандық және қалалық медициналық ауруханаларды компания шығарған стационарлық маммографтармен қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді.