Бахтияр Саидов Достастық Бас хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті

    Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Самарқантта Достастық Бас хатшысымен 14 апрель күні өтетін ТМД СІМК-нің мәжілісіне дайындық үдерісі талқыланды.

    Бүгін таңертең Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтияр Саидов Самарқант қаласында өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісіне қатысу үшін елімізге келген ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті.

    «ТМД Бас хатшысы мәртебелі Сергей Лебедевпен диалог барысында алдағы іс-шараның күн тәртібін және Өзбекстанның Достастық аясындағы қарқынды ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - деп жазды Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің Twitterдегі парақшасында.

    Ескертеміз, ертең Самарқант қаласында ТМД СІМК-нің кезектегі мәжілісі өтеді. Онда қатысушылар халықаралық күн тәртібі мен ТМД форматындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates