Келіссөздер барысында  саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық, тағы басқа да салалардағы Өзбекстан-Катар қарым-қатынастарының жағдайы мен оны дамыту болашақтары талқыланды.

Тараптардың БҰҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Өзбекстан мен Катардың Ауғанстандағы бейбітшілікті орнату үдерісіне көмектесу және оның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жалғастыруға дайын екендігі расталды.

Жоғары деңгейдегі алдағы уақыттағы біріккен шаралар кестесі мен күн тәртібі бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.