Министрлік мәлімдемесінде қасиетті орындардың, бейбіт тұрғындардың және азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекеттің орынсыз екені айтылған.
«Сауд Арабиясы Корольдігімен толық ынтымақтастығымызды білдіреміз және қасиетті орындарға, бейбіт тұрғындарға және азаматтық инфрақұрылымға қауіп төндіретін кез келген әрекетті орынсыз деп санаймыз», — делінген СІМ мәлімдемесінде.
Өзбекстан СІМ барлық тараптарды барынша сабырлық танытуға, халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтауға, мемлекеттердің егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды.
Сондай-ақ Өзбекстан шиеленісті азайтуға, қақтығыстың одан әрі таралуының алдын алуға және аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді қолдайтынын білдірген.
Мәлімет ретінде, Сауд Арабиясы тарапы 16 қыркүйек күні әуе қорғаныс күштері Мекке қаласының маңында дронды атып түсіргенін хабарлады. Сауд Арабиясы тарапы дронды хуситтер ұшырғанын мәлімдесе, хуситтер Меккені нысанаға алғанын жоққа шығарды.