Біз Қытайдың табысты төрағалығын және көрсеткен шынайы қонақжайлығын жоғары бағалаймыз, - деп жазады Сыртқы істер министрі өзінің Телеграм -арнасында. – Мемлекет басшылары саммитінде қабылданатын ШЫҰ-2035 Даму стратегиясы, Тянжин декларациясы және сауда, көлік, қауіпсіздік салаларындағы практикалық бастамалар кең байтақ өңіріміздің гүлденуіне септігін тигізетіне сенімдіміз.
Жаһандық сын-қатерлердің күшейіп бара жатқан бүгінгі жағдайында ШЫҰ отбасындағы бірлік бұрынғыдан да маңыздырақ. Өзбекстан барлық мүше мемлекеттермен бейбіт, гүлденген және өзара байланысты болашақ жолында белсенді ынтымақтастық жасауға дайын.








