Таяу Шығыстағы шиеленісіп жатқан әскери-саяси жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі төмендегілерді қатаң түрде ұсынады.
Әскери және басқа да мемлекеттік мекемелерге жақындамауды, оларды фотоға немесе бейнеге түсірмеуді;
Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуды;
Жергілікті үкімет органдары берген нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз, қажет болған жағдайда арнайы баспаналарға немесе қауіпсіз орындарға барыңыз.
Сондай-ақ министрлік азаматтардан қажет болған жағдайда еліміздің Иран мен Израильдегі дипломатиялық өкілдіктеріне хабарласуын сұрады.
Өзбекстанның Ирандағы елшілігінің байланыс мәліметтері:
Телефон: +98 (21) 22299780, 22832025
Өзбекстанның Израильдегі елшілігінің байланыс мәліметтері:
Телефон: +972 (3) 672-2466, 672-2371, 758-5075, 758-5076
Шұғыл мәселелер бойынша:
+972 (54) 485-1397
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жағдайды үнемі қадағалап отырады және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат береді, делінген хабарламада.








