Бахтияр Саидов Қытай Елшісін қабылдады

    2023 жылдың 4 январында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтияр Саидов Қытай Халық Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Цзян Янды қабылдады.

    Диалог барысында елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті түрлі салаларда одан әрі нығайту, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылғы сентябрь айында Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру арқылы одан әрі нығайту болашағы қаралды.

    Сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

    БҰҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтары туралы пікір алмасылды.

    Екіжақты және көпжақты сипаттағы болашақ шаралардың кестесі мен күн тәртібі талқыланды.

    Кездесуде тараптарды қызықтырған басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates