Жаңадан ашылған мекемеде жаттығулар үшін табиғи және жасанды футбол алаңдары, фитнес жаттығуларға арналған кешендер қызметі жолға қойылған. Айту орынды, мекемеде оқу-жаттығулар үдерістері “Реал Мадрид” футбол клубы дәстүрлеріне сай жүргізіледі.

Шараға аты аңызға айналған  “Реал Мадрид” футбол клубының  бұрынғы футболшысы Альваро Арбелоа қатысты, сондай-ақ академияға қабылданған жас футболшылармен өз тәжірибелерін бөлісті, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.