Беларусь Президенті Өзбекстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

    Билік 25 Oktabr 2021 4075

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 қазанда Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

    Беларусь басшысы Шавкат Мирзияевті Өзбекстан Республикасының Президенттік сайлауында сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, достас өзбек халқына өркендеу мен даму тіледі.

    Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сауда байланыстары қарқынды дамып, жетекші кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық кеңейіп, мәдени-гуманитарлық алмасулар жанданып келе жатқаны айтылды.

    Президенттер аймақтық ұйымдар, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңызды екендігін баса айтты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates