Беларусь Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 7-9 ақпанда Өзбекстанға ресми сапармен келеді

    Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің практикалық аспектілері қарастырылатын жоғары деңгейде келіссөздер өткізу жоспарланған.

    Өзара тауар айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, байланыс және басқа да салалардағы кооперациялық байланыстарды дамыту мәселелері басты назарда болады.

    Сондай-ақ кәсіптік білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы серіктестікті дамыту бағдарламалары талқыланады.

    Келіссөздер соңында екіжақты құжаттар кешенні қабылдау көзделген.

    Айта кетерлігі, осы күндері сапар қарсаңында Ташкент қаласында екі елдің өңірлері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар іскерлік іс-шаралар – Аймақаралық форум мен Іскерлік кеңестің отырысы өтіп жатыр.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates