Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Бұған дейін хабарланғандай, сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің практикалық аспектілері қарастырылады.

Өзара тауар айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, байланыс және басқа да салалардағы кооперациялық байланыстарды дамыту мәселелері басты назарда болады. Сондай-ақ кәсіптік білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы серіктестікті дамыту бағдарламалары талқыланады.

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттар кешені қабылданады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Александр Лукашенко Өзбекстанға 2022 жыл 15 қыркүйекте жұмыс сапармен келген еді.