баннер
25 Apr 2025
10:06

    Binance крипто биржасы енді Өзбекстанда ресми түрде жұмыс істейді

    Болашағы зор жобалар ұлттық агенттік ең ірі крипто-биржалардың бірі – Binance тарапынан Өзбекстан Республикасы пайдаланушыларына (резиденттеріне) қызмет көрсету мәселесін шешті.

    Еліміздің аумағында Binance крипто- биржасы өз қызметін заңдылықта белгіленген тәртіпте жергілікті «CoinPay» ЖШҚ арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

    Мәлімет ретінде : «COINPAY» ЖШҚ крипто-активтердің айналысы саласындағы ресми қызмет көрсету провайдері болып, оның крипто-биржа мен крипто-дүкендердің қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар.

    Өзбекстан Республикасының резиденттері Binance платформасына «COINPAY» ЖШҚ-ның тиісті ресурстары (coinpay.uz) арқылы кіруге қол жеткізе алады. Бұл ретте, пайдаланушылар өз қаржыларды банк карталары және ұлттық төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада әкелу және шығару мүмкіндіктеріне ие болады.

    Жүйені іске қосу, серіктестік платформалардың барлық модульдерімен, соның ішінде ұлттық төлем жүйелерімен интеграцияланғаннан кейін жүзеге асыру жоспарлануда. Жүйенің іске қосылуы туралы серіктестердің ресми ресурстарында (CoinPay және Binance) қосымща түрде жарияланады.

    2024 жылдың январь айында Агенттік тарапынан Binance крипто-биржасына қатысты Өзбекстан Республикасының заңдылығы, атап айтқанда крипто-активтердің айналымы саласындағы заңды талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салу туралы қаулы қабылданған еді. Осыдан кейін тиісті талап-арызы Ташкент қалалық экономикалық сотына жіберілген.

    2024 жылғы 26 мартынан 7 июніне дейінгі аралығында жауапкер (Binance крипто биржасы өкілінің қатысуымен жалғасқан сот үдерістерінің қорытындысына орай, сот Агенттіктің арызын толығымен қанағаттандыру және крипто-биржадан 300 БЕМ-не тең болған айыппұлды Өзбекстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен өндіру туралы қаулы қабылданды.

    Айта кету керек, Binance крипто- биржасы соттың барлық талаптарын орындағанын және айыппұлды заңдылықта белгінеген тәртіпте Мемлекет бюджетіне толығымен төледі.

    Агенттік, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 3 июліндегі «Өзбекстан Республикасында цифрлық экономиканы және крипто-активтердің айналымы саласын дамыту іс-шаралары туралы» ПҚ-3832-санды қаулысының 3-пункіті “д)” шағын пункітіне сәйкес, 2023 жылдың 1 январынан бастап Өзбекстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар крипто-активтерді сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияларды тек ұлттық провайдерлер арқылы заңдылық құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылуы қажет екенін ескертеді.

    Осыған байланысты, азаматтарды заң талаптарын сақтауға және крипто-активтермен операцияларды тек ұлттық провайдерлер арқылы жүзеге асыруға шақырамыз.

    Сондай-ақ крипто-активтерді сатып алу объектісі ретінде пайдалану және оның салдары сатып алушының жеке таңдауы екенін еске саламыз.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech