Пойыздар бір ай барысында “Ташкент-Оңтүстік” вокзалынан қатынайды

    15 сентябрьден 16 октябрьге дейін Ташкент-Солтүстік теміржол вокзалынан шығатын пойыздардың көпшілігі «Ташкент-Оңтүстік» вокзалынан қатынайды. Бұл туралы «Узбекистон темирйуллари» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарланғандай, осы кезеңде «Туқимачи» және «Ташкент-йуловчи» темір жол бекеттері аралығындағы жолда техникалық жөндеу істері жүргізіледі.

    Бір ай барысында жоғары жылдамдықта қозғалатын «Афросияб» электрпойыздары, «Шарқ» (Ташкент-Бұхара-Ташкент), «Насаф» (Ташкент-Қаршы-Ташкент), «Өзбекстан» (Ташкент-Әндіжан-Ташкент), халықаралық бағыттағы Ташкент -Волгоград -Ташкент, Душанбе-Ташкент-Душанбе жолаушылар пойыздары «Ташкент-Оңтүстік» теміржол вокзалы аумағынан рейстерді жүзеге асырады.

    Жолаушыларға қолайлылық жасау мақсатында «Ташкент-Орталық» және «Ташкент-Оңтүстік» темір жол вокзалындағы барлық кассалар тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, билеттерді электронды түрде сатып алуға да болады.

    “ «Ташкент-Оңтүстік» темір жол вокзалындағы күту залдары, вокзалға кіре берістегі үш бір басқышты бақылаудан өту пункттері жолаушыларға тұрақты қызмет көрсетеді.

    Сондай-ақ, бір ай барысында «Ташкент-Орталық» темір жол вокзалындағы кассаларынан кетуден алдын билет сатып алған немесе жаңылысып «Ташкент-Солтүстік» вокзалына келген жолаушыларды «Ташкент-Оңтүстік» темір жол вокзалына жеткізу үшін уақытша тегін автобустар қатынайтын болады.

    Бұл ретте, Алматы-Ташкент-Алматы, Ташкент-Новосибирск-Ташкент, Ташкент-Самара-Ташкент бағыттарында қозғалатын жолаушы пойыздары және Ташкент-Хожикент-Ташкент қалааралық пойыздарын қоспағанда, олар Солтүстік вокзалдан қатынайтын болады.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates