Қолданыстағы заңнаманы жаңадан редакцияланған Конституцияға сәйкестендіру мақсатында әзірленген бұл Заңда жаңартылған Конституцияда нығайтылған қағидаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар маңызды түзетулер қамтылғаны айтылды.
Атап айтқанда, 26 құқықтық құжаттың, оның ішінде 6 кодекс пен 20 құқықтық норма жаңадан редакцияланған Конституцияның 19-бабында айқындалған: «Өзбекстан Республикасында барлық азаматтар бірдей құқық пен еркіндікке ие, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні, наным-сеніміне, әлеуметтік шығу тегіне, әлеуметтік беделіне қарамастан заң алдында тең» деген қағидаға сәйкестендіріледі.
Сондай-ақ, аталған Заң арқылы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мен тәуелсіздігі және заңға сәйкес жұмыс жүргізуі туралы нормамен толықтырылады.
Тағы бір маңызды өзгерістің бірі – Еңбек кодексі мен «Мемлекеттік азаматтық қызмет туралы» Заңға туысының сотталғаны бойынша жұмысқа қабылдаудан бас тарту сияқты кемсітушіліктің алдын алумен байланысты өзгертулер енгізілуде.
Сенаторлар бұл Заң азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық кепілдіктерін одан әрі нығайтуға, олардың құқықтарын жүзеге асыруда, соның ішінде жұмысқа орналасуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің еркіндігінің кепілдігін күшейтуге қызмет ететінін тілге тиек етті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Заңды сенаторлар мақұлдады.