Бірінші ТМД ойындарының қаһармандары салтанатты түрде күтіп алынды

    Спорт 14 Sentabr 2021 1442

    Үстіміздегі жылдың 4-11 сентябрі күндері Ресейдің Қазан қаласында І ТМД ойындары өтті.

    Оған қатысқан Өзбекстан делегациясы 23 алтын, 32 күміс және 36 қола, жалпы 91 медаль жеңіп алып, жалпы команда есебінде қонақкәдеден соң екінші орынды иеледі.

    Осы жарысқа қатысқан делегациямыз Отанымызға қайтып келді. Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық аэропорттың 3-Терминалында өткен салтанатты рәсімде Өзбекстан Республикасының Премьер министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасы Примьер министрінің орынбасары Бехзод Мусаев, Рустам Шоабдурахманов басшылығындағы ҰОК басшылығы, Туризм және спорт министрлігінің мамандары, көп санды жанкүйерлері мен спортшылармыздың туыстары қатысты.

    Жас атлетшілеріміз аэропортта салтанатты түрде күтіп алынды. Шараны Азиз Абдухакимов пен Бехзод Мусаев ашты. Жауаптылар сөз сөйлеп, жас спортшыларымызды жеңіп алған жүлделерімен құттықтап, олардың болашақта қызметіне табыстар мен жетістіктер тіледі. Сонымен қатар Өзбекстан халық әртісі Теша Муминов, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Мажид те өзінің ыстық тілектерін айтты.

    Содан соң бірінші ТМД ойындарында жеңімпаз әрі жүлдегер болған спортшыларға Өзбекстан Республикасы Президенті сыйлығы тапсырылды. Жарыста алтын медальға ие болған спортшыға 25 миллион, олардың ұстаздарына 12,5 миллион, күміс медаль иелеріне 15 миллион және олардың жаттықтырушыларына 7,5 миллион, қола медаль иелеріне 10 миллион, оларды тәрбиелеген жаттықтырушыларға 5 миллион сумнан ақшалай сыйлықтардың сертификаттары тапсырылды. Эстрадамыздың бірқатар әйгілі өкілдерінің орындауында ән-күйлер шырқалып, шара одан сайын қыза түсті.

    Шара қатысушылары өздеріне бөлінген екі қабатты арнайы автобустарда астанамыз бойлап ҰОК қарай сейілге шықты. Оларды көптегенжерлестеріміз астанамыздың көшелерінде күтіп алды.

    Салтанатты рәсімнің жалғасы ҰОК ғимаратында болды. Онда делегациямыз бір команда болып, естелік үшін суретке түсті және олардың қатысуында флешмоб жазып алынды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates