ІІ ТМД ойындарына Өзбекстан спортшылары қатысады

    Спорт 5 Yanvar 2023 1748

    Жаңа жыл қарсаңында ТМД-ға мүше елдердің өкілдері Достастық елдердің ІІ ойындарына дайындық көру және оны өткізу бойынша жұмысшы топтың жиналысында Жарыстың ережесін бекітті.

    ІІ ТМД ойындары ағымдағы жылдың 4-14 август күндері өтеді деп жоспарланған. Жарыс бағдарламасына көптеген спорт түрлері енгізілген. Ойындардың тұжырымдамасында Беларусьтің 11 қаласында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу көзделген. Атап айтқанда, турнир сайыстары Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск қалаларында өтеді.

    ТМД ойындарына 3000-ға жуық спортшы, жаттықтырушы, төрешілер, медицина қызметкерлері және т.б. қатысады деп күтілуде. Ойындарға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның спорт делегациялары қатысады. Моңғолия, Қытай, Куба, Иран, Оман, Сауд Арабиясы делегацияларының кейбір спорт түрлеріне қатысу мәселелері қарастырылуда.

    І ТМД ойындары 2021 жылдың 4-11 күндері Қазан қаласында өткен еді. Жарысқа ТМД-ның 9 елінен – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан құрама командаларынан 1000-нан астам спортшы қатысқан. Қатысушылар спорттың 16 түрі бойынша 181 медаль жиынтығы үшін өзара сайсқа түскен еді, деп хабарлайды «Дунё» АА.