баннер
26 Apr 2025
10:18

    Шавкат Мирзиёев Тұңғыш Президент кесенесін зиярат етті

    Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласына жасаған сапарының соңында Хазреті Хизр кесенесіне барып, Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қабірін зиярат етті.

    Құран аяттары оқылып, дұға бағышталды.

    Марқұмдардың рухына құрмет көрсету, қорымдарды абаттандыру – халқымыздың асыл дәстүрлерінің бірі. Аталған кесене де Мемлекет басшысының бастамасымен салынған және қасиетті зиярат орнына айналған. Қасиетті Рамазан айында осындай игі істер елдің түкпір-түкпірінде айқын көрініс табуда.

    Мы в Телеграм
    Text to speech