Президент Шавкат Мирзияев арнайы осында келіп, Ислам Каримов мүсініне гүл шоғын қойды.
Олий Мажлис палаталары, Президент Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері, ғылым мен мәдениет өкілдері, зиялы қауым да Тұңғыш Президентті еске алып құрмет көрсетті.
Елдің жанкешті азаматтарын ұмытпау, олардың игі істерін еске алып, бағалау – ұлттың ұлттығын көрсететін қыры. Бұл кейінгі ұрпаққа өнеге, әрі ізгілік.
Атаулы шарада осындай құрмет көрсетілді. Құран оқылып, дұға бағышталды. Тұңғыш Президенттің Өзбекстан игілігі үшін жасаған тарихи еңбектері, асыл қасиеттері еске алынды.
Мемлекет басшысы кешендегі Ислам Каримов мұражайының құрылыс барысымен танысты.
Самарқанд пен Қаршы қалаларындағы Ислам Каримов мүсініне де гүл шоқтары қойылды.