Ташкентте Өзбекстаннның Тұңғыш Президентін еске алу шарасы өтті

    Билік 2 Sentabr 2021 6504

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовт атындағы ғылыми -ағартушылық мемориалдық кешеніне барып, ондағы Тұңғыш Президент ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Мемлекет басшысының 2017 жыл 25 қаңтардағы жарлығына сәйкес, 2 қыркүйек Тұңғыш Президентті еске алу күні ретінде аталып өтеді. Тұңғыш Президентті еске алу шарасы аясында Ислам Каримовтың атындағы мемориалды кешенінде марқұмның рұхына аталып Құран оқылды.

    Шавкат Мирзияев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты рәсімде Ислам Каримов Өзбекстанның тәуелсіздігін жариялап, тарихымыздың ең қиын және ауыр кезеңінде елімізді басқарғанын атап өткен болатын.

    Еске алу шарасына Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығару палатасы, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, министрліктер мен ведомство өкілдері және астаналық жұртшылық қатысты.

    Бұдан бөлек Ислам Каримовтің Самарқанд пен Қаршыдағы мүсіндеріне де гүл шоқтары қойылды.