Құран оқылып, дұға бағышталды.

Ислам Абдуғаниевич Каримов Өзбекстан тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттік басқаруды қайта құрып, тарихтағы қиын да күрделі кезеңдерде тұрақтылықты сақтап, халық мүддесін қамтамасыз етті.

Президент Шавкат Мирзиёев оның осы қызметін лайықты бағалады. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 25 қаңтардағы шешіміне сәйкес Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілік ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Республикадағы ірі кешендер, қалалардағы орталық көшелерге Ислам Каримовтың есімі берілді. Ташкентте Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағарту мемориалдық кешені, Самарқандта кесене салынды.

Өткендерді қастерлейтін халқымыз Тұңғыш Президентімізді құрметпен еске алады. Бұл еске алу шарасы да марқұмдарды еске алу, өскелең ұрпаққа үлгі.

Еске алу шарасына Парламент пен Үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

Шарадан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.