Шавкат Мирзияев Тұңғыш Президент ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

    Билік 2 Sentabr 2022 5108

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 қыркүйек күні Ислам Каримовт атындағы ғылыми-ағартушылық мемориалдық кешеніне барып, ондағы Тұңғыш Президент ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Ислам Каримов осыдан отыз бір жыл бұрын Өзбекстанның ұлттық тәуелсіздігін әлемге жария етті. Ол мемлекеттілігіміз бен адам құқығымызды қалпына келтіріп, біздің барлық жетістіктеріміз бен мақсаттарымыздың негізіне айналды. Сондықтан Тұңғыш Президентімізге құрмет – тарихымызға деген құрметтің көрінісі.

    Еске алу шарасында Ислам Кәрімовтің халқымыздың игілігі жолындағы қызметі еске алынды. Құран оқылды.

    Мемлекет басшысы ұстаздарды қадірлеп, әрқашан еске алу керектігін, мұның өскелең ұрпаққа үлгі болатындығын айтты.

    Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, министрліктер мен ведомстволар және Ташкент қаласының қоғамдық өкілдері Тұңғыш Президент мүсініне гүл шоқтарын қойды.

    Мұндай шаралар Самарқанд, Қарши қалаларында да өтті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates