Ауа райының суық болуы нәтижесінде кейбір өңірлердегі автокөліктерге газ толтыру компрессор дүңгіршіктері (АЖҚС) жұмысына қысқа мерзімді шектеу қойылуына байланысты биржада сатылатын жанармай көлемі уақытша екі есеге артатын болады.
Осы мақсатта барлық өңірлерде қажетті резервтер жасалған.
Сұраныс пен ұсынысқа қарай биржа саудаларына орналастырылған автожанармай көлемін одан әрі арттыруға мүмкіндік бар екені хабарланды.
Тұтынушылардың автожанармайға деген сұранысын толық қанағаттандыру мәселесі мемлекет бақылауында.
Айта кету керек, биылғы күз-қыс маусымында ел тұрғындарын қажетті мөлшерде және үздіксіз жанармаймен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қолға алынған.
Жекеменшік жанармай құю бекеттерінің иелерінен бағаны жасанды түрде өсірмеулері, автожанармай сапасы мен мөлшері жағынан дұрыс сатуды сұрады.
Қазіргі уақытта жұмысшы топтар жергілікті жерлерде мониторинг шараларын жалғастыруда. Бағаны негізсіз түрде көтеруге жол берілмейд.