ФМҚӨЗ өнімді жеткізуді цифрландырады

    Цифрландыру 22 Dekabr 2022 1930

    Заманалық технологияларды пайдалану арқылы ФМҚӨЗ технологиялық үдерістің жаңа кезеңіне өтуде.

    Бүгінде кәсіпорынның барлық ресурстары тұтынушылары арзан жанылғымен, сондай-ақ жанармаймен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Өнімді өндіру мен оны өнімді жеткізудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың декабрь айының бірінші онкүндігінен бастап Ферғана мұнай қайта өңдеу зауытында «SAP S/4 Hana» бағдарламаны қамтамасыз ету негізінде Корпоративтік ақпарат жүйесінде электронды құжат айналымы арқылы жүктерді жіберудің автоматтандырылған үдерісі іске қосылды. Бұл клиенттермен өзара байналыста болған бөлім үшін өнімді жөнелту үдерісінің тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

    Іске асырылған автоматтандыру үдерісі бірқатар жеңіліктерді береді. Жүк жеткізу құжаттары енді QR коды арқылы басып шығарылады. Онда жүк туралы барлық ақпарат цифрлық түрде бір жерде жинақталған. QR код көмегімен пайдалана отырып, маман ұялы телефоннан жүкті жөнелту және оған жауапты тұлғалар туралы барлық ақпаратты көру мүмкін.

    Сонымен қатар, бұл автоматтандыру үдерісі енгізілгеннен кейін әрбір көлік зауытқа өздеріне берілген электронды рұқсат қағазы арқылы кіреді. Жүк жеткізу жағдайын онлайн түрде бақылауға, осы үдерістің әрбір басқышын барлық қатысушылар жауапкершілікпен орындауын қамтамасыз етуге жағдай жасалады.

    Енгізілген жүйе өнімдерді жөнелтуге байланысты проблемаларды дереу жоюға мүмкіндік береді және қағаз түріндегі құжаттардың санын күрт азайтады. Жүйедегі барлық ақпарат адам факторының қатысуынсыз жүзеге асырылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Бұл үдеріс зауыт менежментіне әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимінде зауыттағы үдерістерді көру мен бақылауға мүмкіндік береді. Қазір зауыт тарапынан клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын арттырудың келесі қадамдары белгіленген», — деді бизнес-үдерістерін автоматтандыру бойынша директордың орынбасары Наталья Альшаникова.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates