Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы отбасылық емханада болды

    Билік 26 Oktabr 2022 4776

    26 қазанда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласының «Үчтепа» ауданындағы 22 санды отбасылық емханада болды.

    Үш қабатты заманауи бұл мекеме 19 махалланың 56 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Балалар бөлімі, физиотерапия бөлімі, күндізгі стационар, мамандандырылған кабинеттер мен зертханаларда қажетті жағдайлар жасалған. Осы жылдың 18 наурызында медицина қызметкерлерімен өткен ашық сұхбатта берілген тапсырма бойынша аталмыш емханаға заманауи медициналық қондырғылар орнатылған.

    Сондай-ақ, дәрі-дәрмекті тегін тарататын бөлме және дәрігердің қабылдауына дейін тексеру бөлмесі де қарастырылған. Мұнда науқастарды 65 дәрігер мен көптеген медбикелер емдеп жатыр.

    Мемлекет басшысы емханадағы жағдаймен танысып, медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

    – Медицина – үлкенді-кішіге қажетті ең үлкен мемлекеттік қызмет. Сондықтан да біз бұл салаға үнемі көңіл бөліп келеміз. Әрине, өзгеріс бар: жаңа ауруханалар ашылуда, емханалар жабдықталуда. Бірақ әлі жетпеген отбасылар бар. Білікті медициналық қызметтің әрбір отбасына жетуін қамтамасыз ету керек, бұл жағдайда мұқтаж адамдарға ерекше күтім жасалуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Әңгімеде тұрғындардың медициналық мәдениетін арттыру және аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.

    – Көп жағдайда ауру адамның өзінен болады: қимылы аз, дұрыс тамақтанбайды, денсаулығына мән бермейді. Мұны кеңінен түсіндіру керек. Халықтың денсаулығын дәрі-дәрмекпен емес, алдын алу арқылы жақсарту керек. Халықтың өз денсаулығына көңіл бөлуін арттырып, скринингтік тексерулерді жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Дәл осы жерде жылжымалы тексеруде қолданылатын арнайы көліктер де тексерілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates