26-29 март күндері Өзбекстан аумағына Жерорта теңізінің ылғалды ауасының бір бөлігі кіреді деп күтілуде.

Республикада өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады, найзағай болуы  мүмкін.

26 мартта  жоғары температуралық фон сақталады, содан соң ауа температурасы бірте-бірте төмендеп, аптаның соңына қарай  13-18 градус жылы болады.

25-26 және 28-29 март күндері кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді, ал 28-29 март күндері кей жерлерде 25-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Тауларда өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты болады. Қардың көшу қаупі сақталады.

Астанамызда: 26 мартта жауын-шашын күтілмейді, 27-29 мартта өткінші жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін.

Бүгін күндіз ауа температурасы 25-27 градус ыстық, 27 мартта 20-22 градус , 28 мартта 18-20 градус, түнде 11-14 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.