БҰҰ Бас хатшысы ресми сапармен Өзбекстанға келеді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш 30 маусым мен 1 шілде аралығында Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

    Жоғары мәртебелі мейманның сапары аясында Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған.

    Күн тәртібінен Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері, сондай-ақ жаһандық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері орын алған. Өзбекстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шараларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

    Сондай-ақ сапар барысында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізеді.

    No date selected
    June 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates