BNK Financial Group қаржылық тобы Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастық жасауда

    Инвестициялар және Сыртқы сауда министрлігінде « BNK Financial Group» директорлар кеңесінің мүшесі, « BNK Financial Group» атқарушы директоры Ли Ду-Хо басшылығындағы делегациямен кездесу өтті.

    Келіссөздер барысында компанияның Өзбекстанның банк-қаржы базарына шығуы бойынша инвестициялық жоспарларымен байланысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Шетелдік тарап компания қызметімен оның халықаралық озық тәжірибесі туралы толық ақпарат берді.

    Ақпарат үшін: BNK Financial Group компаниясы «Busan Bank», «Kyongnam Bank», «BNK Capital» және басқа қаржылық компаниялардан 2011 жылы Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) құрылған қаржы тобы. BNK Financial Group Оңтүстік Кореяда 379 филиалы мен 114 бөлім, сондай-ақ шетелде 28 филиалы мен 3 өкілеттігіне ие. BNK Financial Group активтері 100 миллиард доллардан асады.

    Кездесу барысында екі тараптың мүдделерінен келіп шыққан жағдайда, елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың құқықтарын берік қорғауда Өзбекстан Заңдылық базасының егжей-тегжейлі талқылануына ерекше назар аударылды.

    Келіссөздер соңында тараптар бірқатар қосымша кездесулер өткізуге келісті. Олардың мақсаты — Оңтүстік Кореяның қаржы тобымен конструктивті диалог жүргізіп оның Өзбекстан базарына шығуына көмектесу. Бұл үшін бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленеді, деп хабарлайды Инвестициялар және Сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates