Балабақшаларда француз тілі оқытылады

    Мектепке дейінгі және мектепке білім беру министрі Хилола Умарова Францияда өткен Халықаралық Франкофония ұйымының 19-саммитіне қатысты. Осы саммит аясында министр мен Кокоро Лингуа компаниясының негізін қалаушы Натали Ласслет арасында сұхбат ұйымдастырылды.

    Өзбекстан Республикасының Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл кездесуде тараптар Өзбекстандағы мектепке дейінге білім беретін ұйымдарда 5-6 жастағы балаларға арналған инновациялық Кокоро лингуа платформасын қолдану арқылы балаларға француз тілін үйрету мәселелерін талқылағаны атап өтілді.

    Талқылау соңында келесі бір жыл барысында 12 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тегін түрде француз тілін оқыту туралы келісімге қол қойылды.

    Мәлімет орнында айту орынды, Кокоро лингуа балалар үшін тіл үйрену бойынша инновациялық халықаралық компания саналады.

    Ақпарат үшін айта кетейік, Ҳилола Умарова “France Education International” ұйымының Бас директоры Оливе Брандуимен де кездесті.

    Онда француз тарапымен Өзбекстандағы француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және тренер-оқытушыларды даярлау, оқытушылар алмасу бағдарламасы және Өзбекстанда француз тілі бойынша тесттерді (DELF junior, DALF) енгізу туралы келісімге қол жеткізілді.

    «France Education International» 1945 жылы негізі қаланған, ұйым қызметінің негізгі бағыттарының бірі – тіл бойынша сертификаттар мен тесттер жасаудан құралған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates