Бөкеде 600 орынды мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесі пайдалануға берілді

    Білім 11 Aprel 2022 4039

    Бүгін, 11 апрельде Ташкент облысының Бөке ауданындағы «Маданият» МАЖ-да орналасқан №3 мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесінің ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрі, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі, БАҚ өкілдері қатысты.

    Атап айтар болсақ, бұл мекеме 1952 жылы құрылып, 1982 жылдан бері мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесі ретінде жұмыс істеп келген.

    2019 жылдың апрель айынан бастап Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігінің демеушілігінде «ООО КАПИТАЛ» құрылыс-жөндеу бірлестігі қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді.

    №3 мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінде 12 негізгі топ (360-орын), 2 қысқа мерзімді топ және 2 тегін бір жылдық міндетті білім беру үшін топтар (240-орын) бар. Мекемеде жалпы 33 қызметкер жұмыс істейді, оның 23-ін педагог және 9 техникалық қызметкер құрайды, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, Бөке ауданының мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесінде 80 мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі бар, соның ішінде 18 мемлекеттік, 4 жекеменшік және 58 отбасылық мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі.

    Бүгінгі таңда ауданда 10029-ға жуық 3-7 жастағы балалар болса, соның 5738-і қамтылып, қамту 57,2 пайызды құрап отыр.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates