Ресей — Өзбекстан премьер-министрлік комиссиясының отырысы 22 июньде өтеді

    Іс-шаралар 14 Iyun 2021 1321

    22 июньде Мәскеуде Өзбекстан – Ресей Премьер-министрлері дәрежесіндегі біріккен комиссиясының екінші жиналысы өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының еліміздегі елшісі Олег Мальгинов хабарлаған.

    “Жуырда 22 июньда Мәскеуде екіжақты ытымақтастық бойынша комиссияның екінші жиналысы үкімет басшылары дәрежесінде болып өтеді”, — деді Мальгинов Ресей күнін тойлау бойынша елшіліктегі өткізілген қабылдауда.

    Сондай-ақ, дипломат жиналысының негізгі тақырыптарының бірі жақында өтетін Жоғары дәрежедегі Ресей – Өзбекстан келіссөздеріне жан-жақты дайын екенін айтқан.

    Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің Ресей Федерациясына ресми сапары 2020 жылға молжалданған еді. Бірақ пандемияға байланысты мерзімін өзгертуге тура келді. Кейінірек, баспасөз хатшысы Шерзод Асадов журналистерге Өзбекстан басшысының Ресейге мемлекеттік сапары 2021 жылда өтетіні туралы хабар берген.

    Екі мемлекеттің үкімет басшылары дәрежесіндегі біріккен комиссияның бірінші жиналысы 2019 жылдың май айында Үргеніште өткен. Екінші жиналысы өткен жылы болып өтуі керек еді. Бірақ COVID пандемиясы себепті оның өткізілу мерзімі бірнеше рет өзгертілді, деп хабар берді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комтетінің баспасөз қызметі.