Баяуытта үш егіз дүниеге келді

    Іс-шаралар 14 Iyul 2021 1790

    Сырдария облысының Баяуыт ауданы Достық махалласындағы Мансуровтар жанұясында үш егіз перзент дүниеге келді.

    Жарық дүниені көрген нәрестелердің 1-уі ұл бала, 2-уі қыз. Аудандық медициналық бірлестіктің берген мәліметтеріне қарағанда, ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар белгілі бір уақыт медициналық бақылауда болады. Жанұясына материалдық көмек көрсетілген.

    Бір нәрестені дені сау етіп өсіру қаншалықты жауапкершілік болса, егіз перзенттердің ата-анасы үшін бұл көбірек қиыншылық тудыруы мүмкін. Бірақ халқымызда мынадай нақыл бар: “Бір балаға жеті махалла ата-ана” деген. Солай екен, перзент тәрбиесі мен оны кәмелетке жеткізуде барлығы медет болады.

    Сүйіншіні естігеннен-ақ аудан әкімінің бастамасымен бір топ жауаптылар “қаһарман” ана жағдайынан хабар алып, жанұя мүшелерін шынайы құттықтады. Сондай-ақ, оларға іс жүзіндік көмек көтсетілді.

    Бұл сияқты оқиға Баяуыт ауданында 20 жыл ішінде тіркелмеген еді, бұл еліміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында өзгеше сыйлық болды, дейді Баяуыт аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates