Түнде ауа температурасы 13–18
градус, күндіз 28–33 градус,
ал елдің оңтүстік өңірлерінде 35–37
градусқа дейін көтерілуі күтіледі.
Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Тек 16 қыркүйек — сәрсенбі күні Ферғана
аңғарының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Желдің
жылдамдығы 7–12 м/с болады. 16 қыркүйек күні республиканың кей
жерлерінде желдің жылдамдығы 13–18
м/с-қа дейін күшеюі, кейбір аумақтарда шаңды дауыл болуы
ықтимал.
Өзбекстанның
таулы аймақтарында 14–17 қыркүйек
күндері кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.
Ташкентте 14–17 қыркүйек күндері ауа райы негізінен аз бұлтты болады, жауын-шашын
күтілмейді. Ауа температурасы түнде 15–18
градус, күндіз 30–33 градус
шамасында болады.
Елордада жел
шығыстан соғып, оның жылдамдығы 3–8 м/с
болады.