Биыл жылжымайтын мүлікті жалпы бағалау басталады

    Жалпы бағалау Кадастр агенттігінің жанындағы Жылжымайтын мүлікті жалпы бағалау ұлттық орталығы тарапынан жүргізіледі.

    Экономика және қаржы министрінің бұйрығымен (14.07.2025 ж. АВ тіркеу саны-3649) Жылжымайтын мүлікті жалпы бағалау әдістемесі бекітілді.

    Құжат Президенттің 05.03.2025 жаләы «Жылжымайтын мүлікті жаппай бағалау жүйесін енгізу туралы» ПФ-43-санды Жарлығына сәйкес әзірленген.

    Жалпы бағалауды Кадастр агенттігінің жанындағы Жылжымайтын мүлікті жалпы бағалау ұлттық орталығы тарапынан жүргізіледі.

    Жалпы бағалауды жүргізу тәртібі мыналарды қамтиды:

    нысандардың құнын анықтау үшін қажетті болған мәліметтерді, соның ішінде жылжымайтын мүлік базары туралы ақпаратты жинау және талдау;

    жалпы бағалауға жататын нысандарды топтастыру;

    бағасы мен бағалаулар бойынша жылжымайтын мүлік базары туралы мәліметтерді талдау негізінде нысандарды сегменттеу арқылы жалпы бағалануы қажет болған аумақтарды аймақтарға бөлу;

    бағаны қалыптастырушы факторларды және олардың нысандар құнын анықтауға әсер ету деңгейін (коэффицентін) анықтау;

    нысандардың құнын анықтау;

    жалпы бағалау нәтижелерін растау.

    Жалпы бағалауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда:

    2025-2026 жылдарда – тәжірибе ретінде Ташкент қаласында;

    2026-2027-жылдары – Нөкіс қаласында және облыс орталықтарында;

    2027 жылы және одан кейінгі жылдары – қалған аймақтарда.

    Төмендегі мәліметтер жиналады және талданады:

    бағаны қалыптастырушы факторлар;

    электронды сауда алаңдары, сонымен қатар нысандарды сату және жалға беру, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты опрациялар бойынша ұйымдарда жасалған нотариалды бекітілген бітімдер туралы жарнамалар, коммерциялық банктер мен басқа да несие ұйымдарының нысандардың кепілдік құнын қамтыған мәліметтері;

    түрлі бағалау жанасулары шеңберінде нысандар құнын анықтау үшін басқа да қажетті ақпараттар.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 14.07.2025 жылдан бастап күшіне енеді.