Жылжымайтын мүлікті тіркеуден өткізу кезінде туындайтын дауларды сотқа дейін шешу тәртібі белгіленді

    Үкімет қаулысымен ( 426-санды, 29.08.2023 ж.) Жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде туындайтын дауларды сотқа дейін шешу тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Ережеге сәйкес, мүдделі тұлға жылжымайтын мүлікке болған құқықтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде Мемлекеттік кадастр палатасының лауазымды қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасай алады және Жылжымайтын мүлікке болған құқықтарын мемлекеттік тіркеуге өткізуде туындаған дауларды қарайтын комиссияға жазбаша немесе Мемлекеттік кадастрлар палатасының ресми веб-сайыты арқылы электронды өтініш жасауы мүмкін.

    Комиссия өтінішті келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс (өтініштердің саны біреу немесе одан да көп болғанына қарамастан).

    Мүдделі тұлға немесе оның заңды өкілі өтініштерді қарауға қатысуға құқылы.

    Мүдделі тұлға Комиссияның шешіміне қанағаттанбаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап 2 ай ішінде апелляциялық комиссияға шағымданады.

    Осыған орай, Апелляциялық комиссия өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарайды.