Еңбек кодексінің 187-бабына сәйкес, мереке (жұмыс істемейтін) күндері қарсаңында күнделікті жұмыс (ауысым) мерзімі барлық қызметкерлер үшін кемінде бір сағатқа қысқартылады.
Мерекеден алдындағы күні жұмыстың (ауысымның) жалғасын қысқарту мүмкіндігі болмаған үздіксіз істейтін ұйымдарда және кейбір түрдегі істерде артықша істеген қызеткерлерге қосымша демалыс уақытын беру немесе қызметкердің разылығымен жұмыс уақытынан тыс жұмыс үшін белгіленген нормалар бойынша жалақы төлеу арқылы өтемақы беріледі.
Айта кетейік, Құрбан айт кезінде өзбекстандықтар 3 күн демалады:
6 июнь (жұма) - Құрбан айт, баршаға демалыс күні;
7 июнь (сенбі) – 5 күндіктер үшін әдеттегі демалыс күні, ал 6 күндіктер үшін қосымша демалыс күні;
8 июнь (жексенбі) – баршаға әдеттегі демалыс күні;
9 июнь – дүйсенбі күні барша үшін жұмыс күні саналады.








