Ташкент қаласында күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 38-40 градус ыстық болады.
Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында күн ала бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде шаң көтеріледі. Ауа температурасы түнде 24-29, күндіз 38-43 градус ыстық болады.
Бұхара, Науаи облыстарында күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң көтеріледі. Ауа температурасы түнде 23-28, шөлді аймақтарда кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 38-43 градус ыстық болады.
Ташкент, Сырдария, Жызақ, Самарқант облыстарында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 21-26, күндіз 36-41 градус ыстық болады.
Қашқадария, Сұрхандария облыстарында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 23-28, күндіз 39-44 градус ыстық болады.
Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 35-40 градус ыстық болады.
Республиканың таулы аймақтарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 19-24, күндіз 30-35 градус ыстық болады.









