Бүгін Өзбекстан Республикасының Бірінші Президенті Ислам Каримовтың туған күні

    Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Каримов 1938 жылы 30 январьда Самарқант қаласында дүниеге келген.

    Ислам Каримов Орта Азия Политехникалық және Ташкент Халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы машинажасау зауытында бастаған. Кейіншелік В.П.Чкалов атындағы Ташкент Авиациялық өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер-конструктор қызметтерін атқарды. 1966 жылы Өзбекстан КСР Мемлекеттік комитетіне жұмысқа орналасып, бас маманнан республикалық Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасарына дейінгі жолды басып өтті.

    Ислам Каримов 1983 жылы Өзбекстан КСР Қаржы министрі, 1986 жылы Өзбекстан КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1986-1989 жылдар барысында Қашқадария облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1989 жылдың июнь айынан бастап Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

    Ол 1990 жылғы 24 март күні Өзбекстан КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан КСР Президенті болып сайланды. 1991 жылғы 31 августта И.Каримов тарихи оқиға – Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 29 декабрьде балама негізде өткен жалпыхалықтық сайлауда И.Каримов Өзбекстан Республикасының Президенті етіп сайланды.

    Ислам Каримов егеменді және тәуелсіз Өзбекстанды құруға, халыққа достық, демократиялық құқықтық мемлекет құруға, халықтың тыныштығы мен ұлттық татулыққа қосқан зор үлесі үшін және батылдық пен ерлік көрсеткені үшін «Өзбекстан Қаһарманы» атағымен, «Тәуелсіздік» және «Әмір Темір» ордендерімен марапатталды.

    Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Каримов 2016 жылы 2 сентябрь күні 78 жасында Ташкент қаласында дүниеден өтті. Ол 2016 жылы 3 сентябрьде Самарқант қаласына жерленген.

    Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген елеулі жетістіктерді халқымыз И.Каримовтың есімімен және қызметімен дұрыс байланыстырады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates