Бүгін және ертең ауа температурасы аздап төмендейді деп күтілуде

    Өзбекстанда 29-31 июль мен 1-2 август күндерінің ауа райы болжамы жарияланды.

    Бұл туралы «Узгидромет» хабарлады.

    Болжам бойынша, ауа температурасы күндіз 34-38 градус шамасында, оңтүстіктің кей жерлерінде 41-44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

    аптаның ортасынан аяғына дейін ауа температурасы 2-3 градусқа көтеріледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде ауа 39-41 градус дейін жылынады.

    Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 13-18 м/с дейін күшейеді, 29-31 июль күндері шөлді аймақтарда кей жерлерде 20-23 м/с күшейеді, шаң-тозаң болады.

    Елордамызда: күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 10-12 м/с күшейеді.

    Ауа температурасы негізінен түнде 22-25 градус, күндіз 29-30 июль күндері 36-38 градус, 31 июль және 1-2 август күндері 38-41 граудс ыстық болады.