Шавкат Мирзияев жаңа жобалардың таныстырылымына қатысты

    Билік 26 Iyul 2021 4723

    26 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев мәдениет, медицина, сауда және қызмет көрсету нысандарын салу жөнінде жобалардың таныстырылымына қатысты.

    Презентацияда осыған дейін Әлішер Науаи атындағы саябақ аумағында заманауи кітапхана салу жобасы басталған болатын. Бүгін соның Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша қайта жаңғыртылғаны жан-жақты талқыланды.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысына онкологиялық және гематологиялық ауруханаларды құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Онда, Ташкент медициналық академиясының клиникасының аумағында 5 гектардан астам жер бөлінген. Жоба шетелдік медициналық мекемелердің озық тәжірибесін, дәрігерлер мен науқастар үшін барлық жағдайларды ескере отырып жасалған. Атап айтқанда, бұл бойынша Корея Республикасының «Daedong Medical Consulting» компаниясымен жұмыс істелуде. Құрамына 50-ден астам консалтингтік компания кіретін бұл бірлестік Кореяда және шетелдерде 600-ден астам нысандардың құрылысына қатысқан.

    Президенттің жарлығы негізінде гематологияны дамытуға сапалы өзгерістер енгізілуде. Балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунология жеке орталық ретінде бөлініп, келесі жылдан бастап Республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл екі орталық Ташкенттің Чиланзар ауданындағы Арнасай көшесінде жаңадан салынған заманауи ғимараттарда орналасады.

    Тұсаукесерде аталған орталықтарды жаңа ғимараттарға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Бүгінде екі орталықтың барлық бөлмелері қажетті жабдықтар және жиһаздармен жабдықталған. Әрбір орын оттегімен қамтамасыз етілген.

    Сондай-ақ бүгінгі презентацияда Терміз еркін экономикалық аймағының аумағында Терміз халықаралық сауда орталығы құрылады.

    Жалпы құны 75 миллион доллар болатын бұл орталық орасан зор және көп салалы аймаққа айналады. Мұнда сыйымдылығы шамамен 1 мың 800 тонна болатын сауда нүктелері, 1 млн тонналық логистикалық орталық және қоймалар, 1600 шаршы метрлік көрме орталығы, сондай-ақ екі қонақ үй, жатақхана, аурухана, автокөлік шеберханалары және басқа да нысандар орын алады.

    Ол үшін Терміз ауданында орталыққа 26 гектар жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Ғимараттардың бірінші қабатында сауда нүктелерін, ал екінші қабатында жеңіл өндіріс кәсіпорындарын орналастыру көзделген.

    Халықаралық сауда орталығында арнайы салық және кеден режимі, 10 күнге дейін визасыз режим және «бір терезе» қызметі жолға қойлмақ. Нәтижесінде өндіріс те, сауда да дамиды. Орталықтың жылдық тауар айналымы 500 млн доллар және экспорт қуаты 200 млн долларды құрайды. Мұнда барлығы 5600-ден астам жұмыс орны ашылуы мүмкін.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates