Президент құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты

    Билік 6 Aprel 2022 6338

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 6 сәуір күні құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты.

    Жаңа Өзбекстан көшесі Ташкент қаласындағы маңызды жолдардың біріне айналуда. Соңғы жылдары мұнда жаңа бақ, көпір, университет салынды. Енді бұл көшеде 610 гектар жерге тұрғын үй, қонақ үй, кинотеатр, мейрамханадан тұратын заманауи кешендерді салу жоспарлануда.

    Мемлекет басшысы алдымен жобаның үлгісімен танысты.

    Жоба бойынша ғимараттар төрт қабатты, төрт түрлі жобада болады. Бірінші қабатта сауда және қызмет көрсету орындары орналасқан. Жоғарғы қабатта пәтерлер немесе қонақ үйлер болады. Көше бойында жаяу және велосипед жолдары, жер асты және жерүсті өткелдері салынады.

    Президент жобаны мақұлдап, үйлерді энергияны үнемдеу әдісімен салу, ыстық пен суыққа қалыпты болуы туралы ұсыныстар берді. Жұмыс орындарын ашуға баса назар аудару керектігі айтылды.

    – Ең бастысы – халқымызға лайықты өмір сүру жағдайлары мен жұмыс орындарын құру, – деді Мемлекет басшысы.

    Ғимараттардың сауда алаңы 1,7 миллион шаршы метрді құрайды деп болжануда. Соның негізінде 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

    Сонымен қатар, осы көше бойында орналасқан «Ташкент- Шығыс» әуежайының инфрақұрылымын дамытып, жолаушыларға заманауи жағдай жасау шаралары да қолға алынды.

    30 қаңтарда өткен презентацияда аудан орталықтарын салу жобасы талқыланған болатын. Бұл жолы Президент тапсырмасына сәйкес нақтыланған жоба ұсынылды.

    Жобаға сай, мұндай орталықтарда стадион, балалар алаңы, кітапхана, компьютер бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме және т.б. болады.

    Махалла және ақсақалдарды қолдау министрлігінің ұсынысы бойынша бұл орталықтардың орналасуын анықтау міндеті жүктелді.

    – Жастар білім алатын, инфрақұрылым бар жерлерді таңдау керек. Аудандық кеңсені де осында орналастырса болады. Сонда бұл жерлер мәдениет пен ағарту ошағына айналады. Бұл орталықтарда ұлттық болмысымыз көрінуі керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Ташкентте өтеді деп жоспарланғаны белгілі. Бұл беделді жарысқа елорданың «Яшнабад» ауданында Олимпиада қалашығын салу жоспарланған.

    Жоба бойынша қала орталығында олимпиадалық стадион, оның екі жағына жабық спорт кешендері, су спорт сарайы, жаттығу алаңдары, ескек есу бассейні салынады. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты, жатақхана, мұражай және шаруашылық нысандары бой көтермек.

    Презентацияда Олимпиада қалашығы нысандарының құнын оңтайландыру шаралары туралы ақпарат берілді. Сарапшылармен талқылау нәтижесінде қалашық жобасы мақұлданды. Оны сапалы салу қажеттігі айтылды.

    – Бұл кешен халқымыз бен жастарымыздың игілігі болып қала бермек. Сондықтан сапа бірінші орында, – деді Президент.

    Ташкентте қызмет көрсету саласын дамытуға, соның ішінде жер үсті метро бекеттерінің астындағы бос жерлерде жаңа сервистік және сауда нүктелерін ашуға бағытталған жобалар қарастырылды.

    Сондай-ақ, таныстырылымда Самарқанд туристік орталығында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстар туралы да ақпарат берілді.

    Барлық құрылыс жұмыстарды бір ортақ нәрсе біріктіреді – жұмыс орындарын құру мақсаты. Өйткені бұл нысандар салынып, кейіннен пайдалануға берілгенде мыңдаған отандастарымыз жұмыспен қамтылмақ.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates