Қаулыға сәйкес, Бұхара инженерлік-технологиялық институты мен Бұхара табиғи ресурстарды басқару институтының негізінде Бұхара мемлекеттік техникалық университеті құрылады.

Инженерлік, өндіріс, азы-түлік технологиясы, жеңіл өнеркәсіп, мұнай-газ, жасыл энергетика, сәулеткерлік және құрылыс, көлік және логистика, агротехнология, ақпараттық технологиялар және бағдарламалау салалары, сондай-ақ аумақтық жоғары білікті кадрларға болған сұранысқа орай жоғары білімді мамандар, және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау университеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.

Университетте мұнай-газ инженерлік саласындағы Озық инженерлік мектептің қызметі жолға қойылады.

2025/2026 оқу жылынан бастап:

Университет студенттерінің пәндерді меңгеру көрсеткіші және профессор-оқытушылар қызметінің тиімділігін халықаралық тәжірибелер негізінде бағалау жүйесі енгізіледі;

Университет профессор-оқытушылары мен докторанттарынжетекші шетелдік жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу ұйымдарына ғылыми тағылымдамадан өтуге және біліктілігін арттыруға жіберіледі;

Ірі өнерк”әсіп орындары мен ұйымдарды Университетке өндірістік серіктестер ретінде біріктіріледі;

Университетке 2026 жылдың 1 январынан бастап академиялық, ұйымдық және қаржылық тәуелсіздік беріледі.